"Ата-анаңды аяла" байқауы жарияланды
"Ата-анаңды аяла" байқауы жарияланды
Сурет: depositphotos.com
300
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты айына 1 рет жарық көретін діни-танымдық "Иман" журналы "Ата-анаңды аяла" атты шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ қоғамында отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқаудың шарттары:
  • байқауға ата-ананың құрметі тақырыбына қатысты еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен эсселер жіберіледі;
  • шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс;
  • жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және iman-kz@mail.ru электронды поштасына – "Байқауға" айдарымен жолдануы тиіс;
  • бір қатысушы бір номинацияға бір материал ғана жібере алады;
  • материалдар тек қазақ тілінде қабылданады;
  • қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, iman-kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.
Байқау талаптары:
  • байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 25 мамыр күні аяқталады;
  • Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды;
  • шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына ("Ата-ананы аяла") сай болуы керек.
Жүлде қоры:
  • І орын  – 250 мың теңге;
  • ІІ орын  – 150 мың теңге;
  • ІІІ орын  – 100 мың теңге;
  • ынталандыру сыйлықтары – 70 мың теңгеден үшеу.