Смайылов Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін ұсыныс әзірлеуді тапсырды
Смайылов Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін ұсыныс әзірлеуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысын бастады, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді. Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті. Қаржы министрі Е. Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Б. Дембаев және т. б. баяндама жасады. Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.