Қазақстанда күн күрт жылынады
Қазақстанда күн күрт жылынады
Фото: crimea.ria.ru
134
оқылды

«Қазгидромет» 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Барлық аймақта жауын-шашын жауады. 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді.  Солтүстік пен оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с-ке дейін жетеді. Алайда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстікте күн жылынады. Түнде республиканың солтүстік жартысында -6 және +2 градус болады. Оңтүстікте ауа температурасы 5 градус суық болуы мүмкін.

Күндіз елдің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа температурасы 10-20 градусқа, солтүстігінде 2-8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3-11 градус жылы болуы ықтимал.