Қазақстандық блогер жол апатынан көз жұмды
Қазақстандық блогер жол апатынан көз жұмды
Фото: instagram.com/beisenbek_daulet
27 наурызда сағат таңғы 7:00-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 282 шақырымында жол апаты болды. Бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.
«Тараздан Алматы қаласына бағыт алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып түскен. Салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында қайтыс болған азамат қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек екені белгілі болды. Оның артында бір қызы мен ұлы және үшінші балаға жүкті келіншегі қалды. 29 жастағы блогердің әлеуметтік желіде 700 мыңнан аса оқырманы болған.