Италия премьер-министрі Путинмен сөйлесіп, Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады
Италия премьер-министрі Путинмен сөйлесіп, Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады
© akket.com
247
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескенде Украинадағы соғыстың аяқталуына алғышарт әлі пісіп жетілмегенін айтты, – деп хабарлады "BBC Орыс қызметі". Марио Драги журналистерге Путинге телефонмен хабарласып, маңызды мәселелерді шешу үшін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу қажеттігін айтқанын мәлімдеді.
"Путин кездесуге әлі ерте екенін айтты", – деді Марио Драги.
Сондай-ақ Владимир Путин екі ел арасындағы келіссөздер қарқыны бәсең екенін айтқан. Италия премьер-министрінің айтуынша, Ресей мен Украина Италияны келісімге келу үшін кепіл беруші елдің бірі болуын сұраған. 24 ақпанда Ресей армиясы Украинаға басып кірді. Бүгінде Украинадан бас сауғалап кеткен босқындар саны төрт миллионға жуықтаған. Ал еліміз ол жақтан отандастарымызды эвакуациялауды аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы Катовице қаласынан жеті рейс ұйымдастырылды.