Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны неге көбейді?
Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны неге көбейді?
Фото: phonoteka.org
546
оқылды
Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар 10%-ке көбейген, – деп хабарлайды AstanaTV. Жылына 36 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Олардың арасында балалар да бар. Онколог мамандардың айтуынша, қатерлі ісікке шалдығу көрсеткішінің артуының бірнеше себебі бар.
Көпсалалы медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Кәрімжан Құсайынов: «Бізге көбінесе асқынып кеткендер, уақыты шамалы созылып кеткен кезде келеді. Уақытылы қаралмаса, анықтау қиын. Егер 0,1,2 стадиялар 90-100 процент емделіп кетеді. Көбінесе келетіндер сезбейді, анықталмайды», – дейді.
Қазақстан бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қатерлі ісікпен ауыратындар көп. Одан кейін Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Солтүстік Қазақстан облысы – 289, Қостанай облысы – 268, Павлодар облысы – 263,  Шығыс Қазақстан облысы – 252, Батыс Қазақстан облысы – 208, Атырау облысы – 133, Қызылорда облысы – 132, Жамбыл облысы – 128, Маңғыстау облысы – 125, Алматы қаласы – 191, Нұр-Сұлтан қаласы – 164, Шымкент қаласы – 116, Түркістан облысы – 86,5. Елімізде онкологиялық ауруларды анықтау, емдеу тегін. Тек мамандар 2-3 жыл сайын скринингтен өтуге  кеңес берді.