Полиция Алматыда баланың сау көзіне операция жасаған дәрігерлерге қатысты тексеруді бастады
Полиция Алматыда баланың сау көзіне операция жасаған дәрігерлерге қатысты тексеруді бастады
Фото: gipermed.ru
298
оқылды
Алматыда баласының оң көзіне жасалуы тиіс операцияны сол көзіне жасады деп дәрігерлердің үстінен шағым түсірген келіншектің арызы тексеріліп жатыр. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, факті Бостандық аудандық полиция басқармасына тіркелді.
«Өндірістік материалдар тексеру үшін Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалады» делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда дәрігер отаны баланың оң көзіне жасаудың орнына, сол көзіне жасағанын хабарлаған болатынбыз.