Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ұн да қат дүниеге айналғалы тұр

Шынболат КҮЗЕКБАЙ Шынболат КҮЗЕКБАЙ
Сәуір 11, 2022
Атамекен ҰКП
656
қаралым

Елдегі астық өңдеушілер бидай тапшылығын сезіне бастады. Шикізаттың болмауынан кейбір кәсіпорын жабылып қалған. Кейбіріндегі астық қоры 1-2 айға ғана жетеді. Қазір Павлодардағы диірмендердің барлығы жұмысын тоқтатты.  Қостанайлық астық өндірушілердің 50 пайызы ғана ұн шығарып жатыр. Қалғаны бидайсыз отыр.  Мәселе бүгін кәсіпкерлердің қатысуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланды.

Жиынға кәсіпкерлер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің де өкілдері қатысты. Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, мемлекеттік инспекция көрсеткен деректер мен астықты өңдеушілердің дерегі сәйкес келмейді. Кейбір өңірде тіпті бидай көлемі екі есе аз көрсетілген.

«Ресей арзан бидайын экспорттауды тоқтатқаннан кейін өзіміздің қымбат бидайға зар болып қалдық. Бидай жоқ. Диірмендер сол күйі тұр. Бірінші бидай қымбаттады, кейін сол қымбат бидайдың өзі тапшы болып қалды. Аймақтарда диірмендер әзірге қордағы Ресей бидайын өңдеп сатып жатыр. Бірақ ол ұзаққа бармайды. Дүрбелең пайда болады», – деп ескертті Евгений Ган.

Оның сөзін орынбасары Талғатбек Әлихан жалғастырып, астықты шетелге экспорттауға мүдделі тұлғалар барын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Талғатбек Әлихан астық өңдеушілердің атынан бірқатар ұсыныс айтты. Оның ішінде субсидия бөлу, астық экспорты кезінде қайтарымды қосымша құн салығының мөлшерін арттыру бар.

«Астық өңдеушілердің несие алуына субсидия бөлуді ұсынамыз. Сонымен қатар, астықты экспортқа шығарғанға субсидия бермей, өзіміздің өңдеушілерге өткізгенге субсидия беру керек. Астықты экспорттау кезінде қайтарымды қосымша құн салығы 50 пайыз, ал ұнды экспорттағанда 100 пайыз болсын», – деді ол.

АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов астық өңдеушілердің уәжіне жауап берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми статистикаға сүйеніп шешім шығарады. Қазір министр Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, астық қорының статистикасын тексеруді тапсырды. Егер ол сәйкес келмесе, мәселе қайта қаралады», – деді Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар, АШМ өкілі астық алу үшін алынған несиені субсидиялауға болатынын атап өтті. Оның жылдық мөлшерлемесі – теңгелей 7 пайызды құрайды. Министрлік өкілі барлық мәселені бірге талқылауға уәде етті.

Айта кетейік, Ресей үкіметі 14 наурызда бидай экспортын тоқтататынын мәлімдеді.

Тегтер: «Атамекен» ҰКПастықауыл шаруашылығы министрлігіҰн

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балаларға базарлық

Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация

Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас

Президент Путинмен кездесті

Шымкентте көріпкел алаяқтар 4,5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

ШҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»