«Оқушыны зорлады» – Ауыл мұғалімі осындай айыптан кейін өз-өзіне қол салды
«Оқушыны зорлады» – Ауыл мұғалімі осындай айыптан кейін өз-өзіне қол салды
©orda.kz
374
оқылды
Қостанай облысындағы мектеп мұғалімінің өз-өзіне қол салу жағдайы Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазір полиция істің мән-жайын тексеруде.  Toboloinfo.kz порталының хабарлауынша, Әулиекөл ауданы Бағалы ауылында 42 жастағы мұғалім өз-өзіне қол салған. Себебі мектеп мұғалімі Қостанайдан келген ер адаммен төбелесіп қалған. Сол кезде мұғалімнің кәмелеттік жасқа толмаған оқушымен ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Полиция департаменті суицид фактісін растады. «Студент қыз мектепте оқып жүргенінде мұғаліммен жыныстық қатынаста болған. Кейін ол Қостанайға кетіп, оқуға түскен. Жасы – 17-де. Сол жақта ол 50 жастағы азаматпен танысып, алғашқы жыныстық қатынасы мектеп мұғалімімен болғанын айтқан. Осыдан кейін ер адам ауылға келіп, мұғалімді ұрып, жасөспірімді зорлағаны үшін арызданатынын айтып қорқытқан», – дейді жергілікті тұрғын. Марқұмның артында үш баласы қалды. Жақында ғана зардап шеккен қыздың анасы арызданып, Қостанай облысындағы Лисаковск қаласы әкімдігінің қызметкеріне тапсырып кеткен. Қазір полиция "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілердің мәліметінше, мектеп мұғалімі бұған дейін де интернет арқылы қыздармен танысып, кездесіп, оларды азғырған. Сол себепті полиция басқа зардап шеккендерді іздестіріп жатыр.