Айнұр Тұрсынбаеваның «көмегіне» алданып қалмаңыз!
Айнұр Тұрсынбаеваның «көмегіне» алданып қалмаңыз!
2,397
оқылды
Белгілі айтыс ақыны, мотиватор, «Құрмет» орденінің иегері Айнұр Тұрсынбаева көпшілікті өзінің атынан ашылған жалған парақшалардың ұсынысына алданып қалмауға шақырды. Оның сөзіне қарағанда, instagram желісінде ainurdan.millioner, ainurdan_komek_, ainurdan_komekk сынды парақшалар ашып, жұртты алдап, қаражат жинап жатқандар бар.  width= Олардың бірі «Сәлеметсіз бе? Айнұр бастаған жеке байқаудан 100 000 теңге ұтып алдыңыз! Құттықтаймыз! Ұтысты алу үшін 10 000 теңге көлемінде төлем жасау қажет. Міндетті түрде. 100 000 теңгеден ұстап қалуға болмайды. WhatsApp желісі тіркелген нөмір – 8 702 237 9919» деп хабарлама таратқан. Ал Айнұрдың өзі көрсетілген жалған парақшалардың адамдарды алдауын тоқтатпай жатқанын айтады. «100 000 ұттыңыз, 10 000 жіберіңіз деген сияқты хат келсе, блокқа қойыңыздар! Барлық амал, ниет еселенетін айда қарғыс арқалау қиын ғой. Сенбеңіздер! Біз ешқашан өзіміз ешкімге хат жазбаймыз. Алданып қалған кісілер арыз жазбай отыр. Бірақ қазір заңгерлер жұмыс жасап жатыр. Ақшалардың кімнің атына түсіп жатқанын білдік. Енді құқық қорғау органдарына тапсырамыз», - деп жазды айтыс ақыны.