Тимур Құлыбаевты полиция тоқтатты
Тимур Құлыбаевты полиция тоқтатты
970
оқылды
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевты жол полициясы тоқтатқан видео пайда болды. Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлады.
«Видеода Тимур Құлыбаевтың кортежі жол ережесін бұзғаны және жарқыраған маяктары үшін тоқтатылғаны айтылған. Тәртіп бұзушының қандай жазаға тартылғаны көрсетілмеген» делінген хабарламада.

Бұған дейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты соттың тағы бір қаулысы шыққанын жазған болатынбыз.