Асанәлі Әшімовтің көлігі: полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді
Асанәлі Әшімовтің көлігі: полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: yandex.kz
505
оқылды
Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде талқыланған актер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты ресми мәлімет таратты. Қызылорда облысының полицейлері мемлекеттік тіркеу белгісі стандартқа сәйкес болмағандықтан Cadillac автокөлігін тоқтатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Тоқтату барысында кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына байланысты деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды», – деді департамент өкілі.