Полицейлер дүкеннен гауһар тас ұрлаған әйелді ұстады
Полицейлер дүкеннен гауһар тас ұрлаған әйелді ұстады
Фото: progorod59.ru
188
оқылды
Астанада әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлады. Полицияға дүкен иесі арызданып, гауһар тасы жоғалғанын айтқан. Оқиға Ғабдуллин көшесіндегі зергерлік дүкенде болған. Бейнебақылау камераларын тексеру барысында күдікті анықталды. Полицейлер  оның 49 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады.  Әйел зергерлік дүкенге жиі келіп, бұрын да бірнеше рет қомақты қаражатқа тауар сатып алған. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа клиенттермен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, гауһар тасты ұрлап кеткен. Ұсталған әйел кінәсін мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.