Жеңіс күніне орай 5 млрд 400 млн теңге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі
Жеңіс күніне орай 5 млрд 400 млн теңге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі
© inform.kz
303
оқылды
Биыл Жеңіс күніне орай 5 млрд 400 млн теңгенің біржолғы әлеуметтік көмегі беріледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде мәлім етті.
«Ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналды. Осыған сәйкес, Жеңіс күніне орай жергілікті атқарушы органдардан сомасы 5 млрд 400 млн теңге біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған», – деді вице-министр.
Бұл қаражат мына адамдарға біржолғы көмек ретінде берілмек: - Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам; - Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам; - бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам; - Екінші дүниежүзілік соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам; - Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам; - тыл еңбеккерлері - 74 116 адам; - Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам. Бұған дейін Президенттің Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысатынын жазғанбыз. Вице-министрдің мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері ай сайын 201 мың теңгеден алып отыр.