Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты, екеуі жараланды
Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты, екеуі жараланды
477
оқылды
Қызылордада орын алған атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, атыс қала маңындағы Титов ауылында азық-түлік дүкені алдында болған. Үш адам оқ тиіп көз жұмса, олардың ең кішісі - 26 жаста, үлкені - 29-да. Аймақтағы жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнында дәрігерлерден құралған үш бригада көмек көрсеткен.
"Жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза болды. Сонымен қатар, 47 жастағы ер адам мен 23 жастағы жігіт аяғынан жараланған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді", - деген ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.  
"Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.