Референдумдағы өзекті мәселенің бірі – билікті халықпен бөлісу
Референдумдағы өзекті мәселенің бірі – билікті халықпен бөлісу
©baq.kz
394
оқылды
Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов Президенттің референдум өткізу туралы ұсынысы жайында пікірін айтты. – Қазбек аға, елімізде өткелі тұрған бірінші референдум емес, бірақ бұл бізге не береді? – Референдум жайлы сөз қозғамас бұрын оның не екенін, әр үйге қандай өзгеріс әкелетінін ұғынған жөн. Ең алдымен референдум – бұл мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. 1995 жылғы референдумның негізгі мәні суперпрезиденттікті нақтылау, яғни, президентке көп өкілеттілік беру болған. Ал биылғы референдум керісінше, Мемлекет басшысының өкілеттігін шектеуді көздейді. Бұл саяси жүйені жүйелі түрде қайта құру үшін өте маңызды қадам. Осы жолғы референдум көздейтін өзекті мәселенің бірі – билікті халықпен бөлісу. Мысалы, онда тұрғындардың сайлау құқығының кеңеюі, белсенді азаматтардың саяси партия құруға мүмкіндігі, жерге иелік ету секілді маңызды тармақтары көрсетілген. – Осы жолғы референдум адам құқықтарын сақтау мәселелеріне бағытталған дейсіз. Конституцияда қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін? 16 наурыздағы жолдауында Мемлекет басшысы саяси реформалардың жаңа пакетін ұсынған. Соның нәтижесінде Конституцияға 33 өзгерту енгізу туралы бастама көтерілді. Өзгерістер негізінен Қазақстанның әрбір азаматының мемлекеттік басқаруға қатысу үлесін арттыру үшін жасалуда. Сондықтан да аталмыш өзгерістерді референдум арқылы енгізу көзделіп отыр. Меніңше, адам құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Конституциялық сот туралы және Адам құқықтары бойынша өкіл жайында конституцияға жаңадан екі бап қосылады. Мәселен, елімізде сот жүйесіне деген әділдік мәселесі өте өткір. 98-баптағы азаматтардың бекітілген құқықтары бұзылған жағдайда, ол конституциялық сотқа келіп, өзін қорғай алады. Конституциялық соттың шешімі кез келген соттың шешімінен жоғары. Азамат сайлау туралы заңда, партия туралы заңда, кез келген нормативтік заңнамада менің құқығым бұзылды деп келеді. Конституциялық сот егер осы шешімді шын мәнінде бұзылды десе, онда ол нормалар алып тастауға дейін барады.