Алматы облысында селден 5 жасар қыз жоғалып кетті

Алматы облысында селден 5 жасар қыз жоғалып кетті

Текелі қаласында батпақ көшкіні жүріп, бес жастағы бала жоғалып кетті.

Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен барлық отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда сел салдарынан 5 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Сағат 12.00-де Қонаев көшесі 350, 348 үйлер ауданында топырақ қатты ылғалдануы нәтижесінде тұрғын үйлерге лай массасы жиналғаны туралы хабарлама түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы іс-түссіз жоғалған. Жергілікті атқарушы органдар сел салдарын жою жөнінде штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріледі", - деді Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.