Жеңілдетілген автонесие беру басталды
Жеңілдетілген автонесие беру басталды
Фото: business-magazine.online
319
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген автонесие беру басталды. Ескерер жайт, жеңілдетілген несие бір адамға екі жылда бір-ақ рет беріледі. Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге болады. Оның ішінде, Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге жұмсалмақ. Несие талаптары: – сыйақы мөлшерлемесі 4%; – несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек; – қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; – бастапқы жарна 0%-дан бастап; – көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.