Алматы полициясы Qnet компаниясына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
«Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Тергеу барысы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ», – деді ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Қазіргі уақытта Qnet-ке қатысты құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым түскен.