Депутаттыққа үміткер болған әйелдің ұлы келіншегін лифтте сабап тастады
Депутаттыққа үміткер болған әйелдің ұлы келіншегін лифтте сабап тастады
343
оқылды
Интернетте Шымкенттегі Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің, «Көркем» БПҰ төрайымы Гүлайым Шунгараеваның ұлы деп көрсетілген ер адам лифт ішінде бір әйелді сабап жатқан бейнежазбасы тарады. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Мынау бейнежазбадағы жігіт депутаттыққа үміткер Гүлайым Шунгараеваның ұлы екен! Инстаграм желісіндегі direct-ме көмек сұрап шыққан қыздың туыстары: «Қылмыстық іс қозғалмай, бұрмаланып жатыр» деп шағымданып, көмек сұрауда!» - деген автор.
Ол дәл осы Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, арнайы әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, сосын тәлім-тәрбие жөнінде көсіліп жазғанын еске салады.
«Гүлайым ханым,  Сіз осы зорлық-зомбылық жайттарына қалай араша түсіп, көмек беріп жүрсіз? Сол кезде-ақ, «Мен жылдар бойы қоғамда әйелдер қауымының құқығын қорғап, заңгерлік кеңес беріп жүрсем де, сізді мүлдем көрмегенмін ғой» деп те сұрақ қойғанымда, бұлқан-талқан болған едіңіз! «Орталық аралап, сырттағы әйелдерге көмек бердім» деп оны көпшілікке көрсеткенше, үйдегі өз келініңізге көмек қолын созып, қамқорлық танытпайсыз ба?! Әйелді дәл осылай тепкілеп тұрып таяққа жығып, ұрып-соғуға болмайтынын Гүлайым ханым өз баласына үйрету керек бірінші! Тәрбие басы - талбесік! Гүлайым ханым елге ақыл айтып, жұрттың баласын  тәрбиелемей-ақ, алдымен өз балаңызды тәрбиелеп алсаңызшы! Парақшаңызды өшіріп қашқанмен, мына видеоны интернеттен өшіре алмайсыз! Айтпақшы, Аружанға заңгерлік көмекті өзім көрсетемін!» - деп жазды Айгүл Орынбек.
  Ескерту: Жүрегі ауыратын азаматтарға көруге болмайды.