Сары Алмас үшін оқтан да қорықпаймын! – жаңа кітаптың авторы
Сары Алмас үшін оқтан да қорықпаймын! – жаңа кітаптың авторы
1,092
оқылды
Орта Азияға танымал болып, атағынан ат үріккен Сары Алмасты өлтірткен кім? Бұл туралы «Рыжий Алмаз» кітабының авторы айтып берді. «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берген кітап авторы, кәсіпкер Бекжан Нәлібаев Сары Алмас туралы баяндаған. Ол осы кітап үшін оқтан да қорықпайтынын кесіп айтады. Сары Алмас Алматы облысы, Бағанашылда жерленген.
«Кітаптың шыққанына бір апта уақыт болды. Тез шығуына ат салысып жүрдім. Бұл кісіні мен қазақтың батыры деп есептеймін. Кітапты жазуды 2018 жылы бастадық. Алмаз ағамыз туралы деп айтатын болсақ, Тәуелсіздігімізді 90 жылдары алғаннан кейін, енді аяққа тұрып ес жиып жатқанда өзге елдер бізге көз сала бастады. Ағамыз ол кезде Алматыда кәсіппен айналысып жүрді. Сол кезде қалың ел арасынан суырылып шықты. Өзге қылмыстық топтар біздің кәсіпкерлерді тонады. Біздің байлығымызға көз салды. Сол кезде Алмаз ағаларымыз шыққан. Сонымен қатар, Несіпбай, Сабыр Мүсілім, Мейіржан ағаларымыз, барлығы бірігіп, еліміздің абыройы үшін, жандарын тәуекелге тікті. Содан осы кітап 2018 жылдан бастап, 4 жыл жазылды. Сары Алмаз ағамызбен бірге жоғарыда атап өткен ағаларымыздың өмірбаяндары, қиын жолдардан қалай өткен жері туралы жазылды. Олардың бәрі бірге бауыр, дос болған», - деді кәсіпкер.
Ол бұл кітапты ұжым болып жазғандарын атап өткен.
«Мұнда жалғыз менің емес, көптеген адамдардың еңбегі жатыр. Қырғызстанда, Мәскеуде болдым. Қаражат жағына жауап бердім. Сонымен қоса материалдар жіберіп отырдым. Ютуб желісінде ағамыздың видеролигіне көп адамдар осы ағамыз туралы неге кино түсірілмейді, неге кітап жазылмайды деп сұраған. Содан бізде ой туындады. Негізі жазсақ деп, ниетті болып жүргенбіз. Кітап жақсы жазылса, оқырмандарға ұнап жатса, қорқатын ештеңе жоқ», - дейді Бекжан Нәлібаев.
Жазылған кітапты тексертуге 3-4 жерге берген. Олар басы мен аяғын қалдырып, ортасын қиып алып тастаған. Баспаханалар шығармаймыз деп, қайтарып отырған. Кітапты теруге бергенде, ертесіне уақытымыз болмай жатыр деп шығарудан бас тартқанын айтып берді. Кітаптың авторының айтуынша, Сары Алмас әлем бойынша «Дисней Ленд» салуды жоспарлаған. Оның бір ұлы бар. Бірақ, қайда екенінен ешкімнің хабары жоқ. Бекжан Нәлібаев келешекте кино шығару да жоспарында барын айтты.