Қарағандыда құс ұясы мен балапандары бар ағашты кесіп тастады
Қарағандыда құс ұясы мен балапандары бар ағашты кесіп тастады
477
оқылды
Қарағандыда құс ұя салған ағашты кесіп жатқан бейнежазба тарады. Ағаш бұтақтарының ұямен бірге кесіліп жатқаны түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. Видеодан ағаш діңгегінің жоғарғы бөлігін қалай кесіп жатқанын көруге болады.
«Сіз мұны үлкен бір ағаштың жай ғана бұтағы дерсіз. Кесілген бұтақтардың арасында өлі құстар жатыр», - делінген хабарламада.
Видео оқырмандардың ашу-ызасын тудырып, қызу талқылануда. Желі қолданушылары ағашты кескен адамның әрекетін тасжүректікке балап, құқық қорғау органдары өкілдерін шақырды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)