Шымкентте балалы әйелге лифтіде қорлық көрсеткен ер адам Шиелі бекетінде ұсталды
Шымкентте балалы әйелге лифтіде қорлық көрсеткен ер адам Шиелі бекетінде ұсталды
Фото: ainews.kz
176
оқылды
Шымкентте ер адам баласы бар әйелге лифтіде зәбір көрсеткен, – деп жазады Polisia.kz. Кеше Шымкент қаласы Қаратау АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Әйел көпқабатты үйдің лифтісінде белгісіз ер адам зорлауға тырысқанын айтып шағымданған. Полиция ҚР ҚК-нің 24-120-бабы (Зорлауға оқталу) бойынша тіркеуге алды. Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауымен жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер бірнеше сағатта күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған жас жігіт жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі пойызда құрықталды. Күдіктіні түнде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.