«Қазгидромет» 28-мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» 28-мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК-сы 28-мамырдағы күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағы бойынша фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, таулы аймақтарда нөсер жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел секундына 15-20 метр жыдамдықпен соғады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, солтүстікте, батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз батысында найзағай ойнайды. Қостанай облысының батысына түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке, екпіні 24-29 м/с-ке жетеді, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола облысының шығысында найзағай ойнап, түнде шығысында, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Шығыс Қазақстанның облысының Жарма, Қатон-Қарағай аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.