Павлодарлық 7 шенеунік жемқорлыққа қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодарлық 7 шенеунік жемқорлыққа қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды
169
оқылды
Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қатысты жыл басынан бері анықталған жағдай. Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәлімдеуінше, биылдыққа 7 лауазымды қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты жазаланды. Оның ішінде, 3-еуі кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан, 2-еуі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаған болса, тағы екі адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамаған.
«Мәселен, Успен ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қол астындағыларға табыс туралы декларацияны ұсыну бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысқаны үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің бюджеттік ұйымдарының бірінің басшысы да жазасыз қалмады. Осындай құқық бұзушылық үшін тағы 2 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 1 745 910 теңгені құрады.