Сахнаны қорлап, көпшіліктің алдында былапыт сөздер айтқан Ирина Кайратовнаның командасы мен Shiza деген атпен белгілі Асхат Жолшиев қатаң түрде жазасын алып, айыбын өтеуі тиіс. Бұл – танымал эстрада әншісі, «МұзАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаевтың пікірі.
"Егемендігіміз бен елдігіміздің белгісі, Тәңірден тілеп алған тәуелсіздігімнің символы, қастерлі де қасиетті Көк Ту сенің қадіріңе жете алмай жатырмыз-ау.
Тоқ заманда туған жастар сахна төріне шығып, мемлекеттік рәмізімізді қорлап, аузына келгенін оттап ойран салуда. Осындай есерлік пен ессіздіктің сазайын беретін заң орындалуы тиіс.
Мейлі ай бол, жұлдыз бол, кім болсаң ол бол біздің Көк туымызды қорлауға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл бір “кешірім” сұрап құтыла салатын мәселе емес.
Қатаң түрде жазасын алып, айыбын өтеуі тиіс", - деп жазды әнші өзінің Инстаграм парақшасында.