Түркістан облысында медицина қызметкерлерінен ақша бопсалаған екі ер адам ұсталды  
Түркістан облысында медицина қызметкерлерінен ақша бопсалаған екі ер адам ұсталды  
Фото: ПД-нен алынды
369
оқылды
Медицина қызметкерлерін бопсалады деген күдікпен Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды. Олар Мақтаарал және Жетісай ауданында орналасқан медицина мекемелерінің қаржылық қызметі туралы мәліметті таратпас үшін ақша талап еткен. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. «Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер «мекеме абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жария етеміз, бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексеруін ұйымдастырамыз» деп қорқытып, одан 32 миллион теңге бопсалаған. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі бопсалау« бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, Жетісайда дәмханада ірі көлемде ақша бопсалап, алып жатқан Жетісай қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктіден айғақты зат ретінде 32 миллион теңге көлемінде ақша тәркіленді», – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.    width= Оның айтуынша, сезіктінің сыбайласы Шымкентте ұсталды. Екінші күдікті – Мақтаарал ауданының тұрғыны. Екеуі де қамауға алынды.