Қытай түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты
Қытай түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты
Фото: kaz.nur.kz
234
оқылды
Бас прокуратураның мәліметінше, Қытай түрмеде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартты. «2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдың өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен. Сол күні Қытай тарапына тиісті сауал жолданды. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгеніне байланысты осындай шешім қабылданғаны айтылған» делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында. Дегенмен Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқартып, нақты жылды белгілесе елге экстрадициялауы мүмкін.