Балаға күріш шашып жатыр – бұл қай ырым?
Балаға күріш шашып жатыр – бұл қай ырым?
3,695
оқылды
Әлеуметтік желіде тағы бір ырымның бейнежазбасы тарады. Бұл да көпшілікті таңғалдырып жатыр. Видеода үлкендер нәрестенің үстіне күріш шашып, «Баланың тістері ауыртпай шықсын» деп ырымдап жатқаны көрсетілген. Мүмкін ұмыт болған бұл ырым түрлі пікірталас туғызды.
«Көшіп келген оралмандадың бәле ырымдары ғой», «Ойдан неше түрлі шығара бермеңдерші. Күріш қайда, бала қайда, тіс қайда? Еш қатысы жоқ», «Өлген адамға ғана қолының сыртымен құяды. Оңынан құйған дұрыс», «Тісі шықпай жатқан балалардың төбесінен тары құяды», «Негізі бірінші көруім, үлкен кісілер «тіс шығып жатыр» деп айтпаңдар дейтін. Ақмаржан жарып жатыр деп түкіріңдер, сосын қай тісі шығып жатыр деп үңіле бермеңдер, бала мазасыздана береді" – деді желі қолданушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қыздар сыры 🔞 (@kizdar_syry)