«Отан үшін еңбек етуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын! Мен де Жаңа Қазақстанды құруға атсалысқым келеді», – деп жазды Қайрат Досаев.Оны бірінші мәрте жұмыстан босатқан оқиға 2019 жылдың қарашасында болды. Сол кезде Тараздағы №6 орта мектептің 12 жасар оқушысын көше бойында орналасқан мектеп әжетханасында зорлаған еді. БАҚ-та резонанс тудырған қылмыстан соң Қайрат Досаев әкім қызметінен кетті.
«Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғаныма алты ай өткенде мектеп әжетханасында қайғылы оқиға болды. Құрметті Президент мырза! Мен де әкемін, қыз өсіріп отырмын, сондықтан бұл жантүршігерлік қылмыс мен үшін де қасірет болды, оны өз басымнан өткіздім», – деген Қайрат Досаев.Соған қарамастан, бұрынғы әкім мемлекеттік қызметтегі жұмысын жалғастырды, желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл тағайындау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады.
«Сізге менің тағайындалуым сіздің нұсқауларыңызға қайшы келеді деп қате хабарланды, бұл БАҚ-та белгілі бір резонанс тудырды. Сіздің нұсқауыңыз бойынша мен екінші рет жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Өйткені, Тараздағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін мен лауазымымнан босатылып, басшылық қызметке ауыстым. Неге мен екі рет жазаландым?» – дейді Қайрат Досаев Президентке.Экс-әкім бұл оқиғадан кейін ешбір басшы «бұзылған адамға» айналды деп жұмысқа алмайтынын айтады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Таразда №6 орта мектептің 12 жасар оқушысы көшеде орналасқан мектеп әжетханасында зорланған болатын. Күдікті бірнеше сағаттың ішінде ұсталды. Одан кейін қыздың сынып жетекшісі, вахташы мен мектептің оқу ісінің меңгерушісі де жұмыстан қуылған.
Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 21, 2019