«Таңертеңгі сағат 9 .00-де ұйымдасқан екі топ адам қалалық әкімдік жағына қарай ағылды. Абай, Төле би көшелерімен келе жатып, олар біршама адамды жинап алды және тас, таяқ, арматурамен қаруланды. WhatsApp және Telegram әлеуметтік желісі арқылы адамдарды жинап, баратын жерді белгіледі. Санаулы сағатта мессенджердегі адамдар саны 140-тан 5 500-ге жетті. Түн жарымда әкімдік алдындағы орталық алаңға ондаған мың адам келді», – деді Қилымжанов.
Бұған дейін Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 331 адам түрлі мерзімге сотталғанын жазған болатынбыз.