Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар Жамбыл Жабаев туралы фильмде актер болады
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар Жамбыл Жабаев туралы фильмде актер болады
1,886
оқылды
31 мамырда Алматыда ChaplinMEGAAlma-Ata кинотеатрында режиссер Жандос Құсайыновтың «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің балалар арасындағы республикалық кастинг жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл Жабаев Үш ай бойы фильмнің түсірілім тобы 5 пен15 жасқа дейінгі әртүрлі ұлт өкілдері арасынан дарынды балаларды іздеді. Оған халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қатысты. Сонымен қатар кастинг барысында қатысушылардың тәжірибесінің бар-жоғы кедергі болмады. Кастинг балаларды кинематография саласына, актерлік шеберлікке баулу мақсатында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұсынысы бойынша жүзеге асты.
 «Біз балаларға ауқымды киноға түсуі үшін, тәжірибе жинауы үшін кастинг жүргізуді бастадық. Онлайн және офлайн форматта 1 200-ден астам бала өтінім жіберді. Сондай-ақ көшпелі кастинг кезінде балалар үйлері мен әлеуметтік орталықтардың балаларынан 359 өтінім қабылдадық. Бұл балалардың көпшілігі үйде оқитын және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққандар. Олар үшін бұл – керемет тәжірибе мен үлкен мүмкіндік. Біз бүгін екінші пландағы рөлдерге таңдалған 9 баланы және көпшілік сахнада ойнауға мүмкіндік алған 26 баланы марапаттаймыз. Олардың басым бөлігі – мүмкіндігі шектеулі балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Біз бұл балалардың кәсіби түсірілім тобымен: режиссермен, актерлермен, гримерлермен және тағы басқа да жұмыс істей алатынына қуаныштымыз. Бұл рөлдерде ойнау олардың қолынан келеді деп ойлаймын. Ал ең таланттылары өз мансабын осы салада жалғастырады деген үміттемін», – деді Samruk-Kazyna Trust  Жоба басқару департаментінің бас менеджері Перизат Омарова.
Балаларға ерекше әсер сыйлау үшін марапаттау рәсімі Алматы қаласында ұйымдастырылды.
 «Бұл –  керемет! Мен әрқашан киноға түсуді армандайтынмын, бірақ бұл осыншалықты тез болады деп ойламадым. Біз онлайн кастингтен өттік, бейнежазба жібердік, әртүрлі көріністегі мәтіндерді оқыдық. Барлығын дұрыс орындай алдым, сол себептен  мен бүгін осындамын деп ойлаймын. Енді мен түсірілімге мұқият дайындалып жатырмын», – деді 12 жастағы кастинг жеңімпазы Атагелді Тайлан.
Осындай қуанышты эмоциясымен 14 жастағы Айнара Айнабекова да бөлісті.
«Үлкен экранға шығатыныма өте қуаныштымын! Менің достарым мен туыстарым мені кинотеатрда нағыз актриса ретінде көре алады. Бұл фильмді бәрімен бірге көру үшін фильмнің премьерасына тікелей барғым келеді. Осы жылдың басында киноға түсем деп те ойламағам, енді туыстарыммен бірге алдағы болатын сынақтар мен болашақ түсірілімді талқылаймыз», – деп ойымен бөлісті.
Жамбыл Жабаев Байқау үш кезең бойынша өтті. 1 наурыз бен 17 сәуір аралығында өткен бірінші кезеңде қатысушылар сауалнаманы толтырып, фотосуреттерді https://jambylfilm.kz/ru/casting сілтемесі арқылы онлайн форматта жіберді. Жамбыл Жабаев 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен екінші тур аясында ұйымдастырушылар фильмнен сахна ойнау үшін 120 баланы іріктеп алды. Кейін бейнежазбалар қазылар алқасына ұсынылды. Қазылар алқасы құрамында фильм режиссері Жандос Құсайынов, продюсерлер Еркебұлан Дудабаев пен Ерқанат Бекежан, фильмнің кастинг-директоры Диана Қыдыр және  Samruk-Kazyna Trust  өкілі Әсет Қылышбаев болды. 19-29 мамыр аралығында өткен үшінші кезеңде қазылар алқасы 35 баланы таңдап, олардың тоғызын екінші пландағы рөлде, ал тағы 26 баланың көпшілік сахнада ойнауына мүмкіндік берді. Фильмде ақын өмірінің соңғы тоғыз жылы көрсетіледі. Жамбыл Жабаев рөлін Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. «Жамбыл. Жаңа дәуір» кинокартинасы түсірілімінің 1-кезеңі 2021 жылы күзде болды. Ал бүгінде фильмнің түсірілім тобы екінші кезеңін бастауға дайындалып жатыр. «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі  Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша,  Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Фильмнің өндіріс жұмысымен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қоры» қоғамдық қоры айналысады.