Маңғыстау облысында көз жұмған сарбаздың досы оның соңғы хабарламасын жариялады
Маңғыстау облысында көз жұмған сарбаздың досы оның соңғы хабарламасын жариялады
© әлеуметтік желіден
583
оқылды
Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде сенбі күні қайтыс болған 19 жастағы Еділ Тешеновтың досы  ZTB.kz редакциясына оның Instagram арқылы жіберген соңғы аудиохабарламасын берген.  Досы оның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты. Айтуынша, Еділ үнемі ақша жіберуді сұраған. Алайда ақша не үшін керек екенін айтпаған. Туыстары да сарбаздың қайғылы оқиға болған күннен бір күн бұрын  5 мың теңге сұрағанын айтады. Бұған дейн Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде 19 жастағы сарбаз көз жұмғанын жазған болатынбыз. Әскери бөлім қызметкерлері оның асылып қалғанын хабарлады. Туыстары сарбаздың өзіне қол салғанына сенбейді, оны әдейі өлтірген деп есептейді.  Қайғылы оқиғаның әділ тергелгенін талап етуде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)