"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. "3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.