"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Фото: RT
700
оқылды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды.  "3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі. 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.