Мен әжелерімді осында әкелуді армандадым - Димаш Құдайберген Меккеде жүр
Мен әжелерімді осында әкелуді армандадым - Димаш Құдайберген Меккеде жүр
644
оқылды
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазір Меккеде қажылық парызын өтеп жүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол көптен бері Меккеге әжелерін әкелуді армандағанын да атап өткен. Бүгін үлкен арманы орындалды.
"Меккедеміз. Осы киелі жерге жетуге мүмкіндік берген Алла Тағалаға сансыз шүкір. Мен әжелерімді осында әкелуді көптен армандадым. Дүниеде тыныштық болып, жер бетіндегі барлық адамдар бақытты болсын", – деп жазды Димаш.
Әнші қасиетті өлкеден бірнеше фотосуреттер, видео жариялады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Өнердегі аға-әпкелері мен желі қолданушылары әншіге сәт сапар тіледі.
“Алла ұлық! Қажылық қабыл болсын, Димаштай!” - деп жазды Сәкен Майғазиев. “Қабыл болсын”, – дейді Тамара Асар. “Алла - Шебер! Қабыл болсын”, – деп жазды Нұржан Керменбаев. “Алла қабыл етсін, бауырым!” – деді Асылхан Төлепов.
“Екі әжеңізді бірдей Меккеге апарып, перзенттік парызды орындадыңыз. Жарайсыз, Димаш! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Екі әженің өмірі ғұмырлы болсын!” – деді желі қолданушылары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)