Ералы Тоғжанов әскерде сарбаз өлімін көргенін айтты
Ералы Тоғжанов әскерде сарбаз өлімін көргенін айтты
© egemen.kz
263
оқылды
Вице-премьер Ералы Тоғжанов әскердегі сарбаз өлімі мен әлімжеттікке қатысты пікір білдірді.  Үкімет отырысынан кейін журналистер вице-премьерден әскери борышын қалай өтегенін, әскердегі сарбаз өлімі мен әлімжеттікті көрдіңіз бе деп сұрады.
"Мен Отардағы  № 25717 әскери бөлімде әскери борышымды өтедім. Әртүрлі жағдай болды, сарбаз өлімін де көрдік. Сол кезде жалпыға ортақ міндет бар болатын, қазір ондай міндет жоқ", – деді Ералы Тоғжанов.
Вице-премьердің айтуынша, жыл сайын 35 мың ер жігіт әскерге жіберіледі. 
"Ер азаматтар әскери борышын өтеуі тиіс. Одан бас тарту дұрыс емес. Мүдделі мемлекеттік органдар, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы жігіттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде асылып қалды деген 19 жастағы сарбаздың досы оның жіберген соңғы хабарламасын жариялады.