Маңғыстау облысында өзіне қол салған сарбаздың әскери ант қабылдап жатқан сәтінен видео жарияланды
Маңғыстау облысында өзіне қол салған сарбаздың әскери ант қабылдап жатқан сәтінен видео жарияланды
коллаж: Halyq Uni
904
оқылды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінен белдігіне асылып қайтыс болған сарбаздың әскери ант қабылдаған видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Halyq Uni Марқұмның естелік бейнежазбасын ағасы Нұржаусын Тешебай редакцияға жолдаған. Кадрдан оның әскери ант мәтінін мүдірмей оқып тұрған сәтін көруге болады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударып, осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырғаны хабарланды. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде асылып қалды деген 19 жастағы сарбаздың досы оның жіберген соңғы хабарламасын жариялады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от HALYQ UNI ақпараттық порталы (@halyquni.media)