Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады? 1
© egemen.kz

"Қазгидромет" РМК 9-11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады.

"Солтүстік-батыс циклонымен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады", –  делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.