Төртеуін төрт жаққа құлатты – Түркияда қазақ жігіті өзіне жабылған бірнеше адамның сазайын берді

Төртеуін төрт жаққа құлатты – Түркияда қазақ жігіті өзіне жабылған бірнеше адамның сазайын берді 1

Әлеуметтік желіде Қазақстанның рәміздері бейнеленген футболка киген ер адам көше бойында өзіне жабыла кеткен төрт адамды жайратып салғаны туралы бейнежазба тарады. Ондағы ер адамның киімінің алдыңғы жағында Қазақстан туы бейнеленген, арқасында «Қазақстан» деген жазуы бар.

Видеодан байқағанымыздай, ол көше бойында балмұздақ жеп, телефонына қарап келе жатады. Кенеттен бір ер адам оны иығымен әдейі қағып өтеді. Екінші жігіт жерге құлаған телефонды үшіншісіне  доп сияқты итере салады. Содан кейін қазақстандық өзіне шабуыл жасамақ болған төрт жігітті бірнеше соққымен сұлатып салады.

Кейбір топтарда оқиға Түркияда болғаны айтылған.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.