Ақтаулық әйел туған қызын ұрып өлтірген
Ақтаулық әйел туған қызын ұрып өлтірген
Ақтауда кішкентай қызын ұрып өлтірген әйелге сот үкімі шықты. Келіншек 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының ресми сайты. Келіншек Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп сотырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотталған. Белгілі болғандай, 2022 жылғы 4 қаңтарда келіншек туған қызын ұрып, бар күшімен итеріп жіберген. Салдарынан бала ішімен үстелдің қырына құлаған. Алған соққыдан қызда қанды ісік пайда болған. 8 қаңтар күні анасы қызын тағы да соққыға жығып, ішінен жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін келіншек балаға көмектесудің орнына оны үйде қалдырып кетіп қалған. Болған жайттан кейін бірнеше сағат өткен соң қыз бала көз жұмған. Қайтыс болған баланың қанша жаста екені көрсетілмеген. Осы ретте ведомство сот-медициналық сараптама соққы салдарынан өлімнің қан жоғалтудан болғанын анықтаған. Нәтижесінде Ақтау тұрғыны баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.