Микроқаржы ұйымын таңдау жауапкершілікті талап етеді
Микроқаржы ұйымын таңдау жауапкершілікті талап етеді
626
оқылды
Қазақстандықтарға аяқасты қаржы керек болса бірден микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) жүгінетіні жасырын емес. Себебі олар аз уақыттың ішінде, мейлінші екі тарапқа да тиімді ұсынысқа келісе отырып, тиісті қаржысын үйінен шықпай-ақ алады. Жалпы микроқаржы ұйымдарын жауапкершілікті сезіне отырып таңдаған абзал. Оның қыр-сыры мен тәуекелдерін ескеру қажет. Бұл мәселеде Financer.com. тегін қызметі таптырмас көмекші екенін естен шығармаңыздар. Financer.com – Қазақстанның қаржы нарығындағы өзекті ақпараттың тәуелсіз көзі. Мұнда қаржы ұйымдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін объективті сипаттай отырып, еліміздің барлық микроқаржы компаниялары туралы мәліметтер жинақталған. – Қарыз беру шарттарымен қатар микроқаржы ұйымдарын салыстыру арқылы сіз шағын несиеге қол жеткізе аласыз. Сенімді МҚҰ сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Financer.com порталында сіз қазақстандық кредиттік компаниялардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне зер салып, таңдай аласыз. Сондай-ақ олардың жұмысымен танысып, пікір қалдыра аласыз, – деп атап өтті Financer.com порталының кредит беру және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская. Аталмыш сервис микроқаржы ұйымдары ұсынатын мөлшерлемелерді, сомасы мен мерзімдерін салыстыруға мүмкіндік сыйлай отырып, ішіндегі ең тиімдісін таңдауға көмектеседі. Іздеу жолағында қажетті соманы көрсету арқылы сіз несиелердің құны бойынша сұрыпталған барлық ұсыныстарды көресіз. Ал әрбір компания бойынша жалпы рейтингте қарыз алушының ең төменгі жасы, кредиттік сервистің болуы/болмауы, сондай-ақ нашар кредиттік тарихы бар тұтынушының мүмкіндігі туралы деректер ұсынылған. МҚҰ таңдау кезінде оның беделіне ерекше назар аудару керек. Ресми тіркеу нөмірі көрсетілген компания сіз жасаған несие келісімінің ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуіне кепілдік береді. Мынаны есте сақтаңыз: сенімді несие берушілер әрқашан өз веб-сайтында байланыс нөмірлерін, құжаттардың жариялылығын қамтамасыз етеді. Айта кету керек, 2019 жылы қабылданған заңнамадағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Ұлттық Банкінің рұқсатын алған ломбардтар мен онлайн-микрокредиттер беретін компаниялар да микроқаржы ұйымдарына жатқызылады. Біздің елде шағын несиелер 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Шағын несиені қосымша кепілдіксіз, кез келген ыңғайлы уақытта және қолма-қол алуға болатындығы оның артықшылығы екені даусыз. Бастысы сізде интернет пен қазақстандық банктердің бірінде шотыңыз болса, сонымен қатар жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынсаңыз жеткілікті. Бұл ретте несие дәл осы сәтте сізге қажетті сомаға (1-ден 300 мың теңгеге дейін) рәсімделеді. Әдетте банк ешқандай құжат рәсімдемей жұмыс істейтін адамдарға, сондай-ақ несиелік тарихына қара дақ түскен азаматтарға несие беруден бас тартады, ал МҚҰ кірісті ресми растауды және анықтамаларды талап етпейді. Алайда қаржылық мәселелерді шешудің бұл әдісіне мұқият және жауапкершілікпен қарау керек. Шағын несие көп жағдайда банк беретін несие пайызынан асып түседі, сондықтан сіз несие төлемдерін уақытылы төлей алатыныңызға сенімді болсаңыз ғана қарыз алған дұрыс. Шағын несиелендіруге арналған компанияны таңдау кезінде объективті күмән мен қиындықтар қатар жүреді. Сондықтан әр түрлі нұсқалар мен пайыздық ұсыныстарды зерттеу барасында шатасып қалмас үшін Financer.com мамандарына сеніңіз.