Әлихан Смайылов әкесінің суретін көрсетті
Әлихан Смайылов әкесінің суретін көрсетті
6,333
оқылды
Әлихан Смайылов медицина қызметкерлерін құттықтады. «Құрметті достар! Ардақты медицина қызметкерлері!  Бүгін – адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі. Біздің отбасымыз үшін бұл мерекенің орны бөлек. Менің әкем Асхан Смайылов бар саналы ғұмырын медицина саласына арнап, ұзақ жылдар дәрігер болып еңбек етті. Бала күнімізден бұл мамандықтың қоғамдағы жауапты қызметі мен жоғары мәртебесін жадымызға сіңіріп өстік", – деп жазды Үкімет басшысы ведомствоның ресми парақшасына. Ол еліміздің барлық медицина қызметкерлерін бүгінгі төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бүкіл әлемді шарпыған пандемиямен күресте де алдыңғы шепте медицина қызметкерлері табылғанын атап өтеді. Қазақстандық медицина ғылымының арқасында еліміз вакцина шығарған санаулы елдердің қатарына қосылды. "Елімізде медициналық қызмет сапасын арттыру мен ұлт саулығын сақтау ісіне ерекше көңіл бөлуде. Заманауи жаңа технологиялар енгізіліп, медициналық жабдықтар тұрақты жаңартылып келеді. Былтыр 12 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілсе, биыл тағы 20 нысан ашу жоспарда. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көп бейінді клиника салынып жатыр. Жалпы 2025 жылға қарай 500 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу көзделген", – деген Әлихан Асханұлы. Үкімет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да қолға алынғанын еске салады. Биыл дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен – 30%-ке өсті. "Құрметті медицина қызметкерлері! Баршаңызға ұлт саулығын жақсарту бағытында атқарып келе жатқан қажырлы қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кәсіби жетістік пен сарқылмас күш-қуат тілеймін! P.S. Суретте менің әкем Асхан Смайылов», – деген Әлихан Смайылов.