Димаш әндері – Бразилияда
Димаш әндері – Бразилияда
533
оқылды
Бразилияның Correio 98 FM радиосының эфирінде күн сайын Димаш Құдайбергеннің әндері тоқтаусыз беріліп жатыр. Биыл мамыр айынан бастап радиотыңдарманға Димаштың «Я скучаю по тебе» «О’кей» және S.O.S композициялары ұсыны­лып келеді. Бразилияның таны­мал Correio 98 FM радиосы алғаш рет 1983 жылы эфирге шықты. Радиостанцияның штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, әртістің түрлі музыкалық жанрларда және әлемнің көптеген тілдерінде ән шырқайтынын атап өтеді. Д.Құдайберген әндерінің Бразилияның ірі радиостанция­сында таратылуы – Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубы жұмысының нәтижесі. Сондай-ақ осы жоба аясында Бразилия­ның танымал Extra газетінде Димаш пен оның шығарма­шылығы туралы бірнеше мате­риал шықты.