Ауыл мұғалімі 400 мың теңгеге жуық жалақы алады – Асхат Аймағамбетов  
Ауыл мұғалімі 400 мың теңгеге жуық жалақы алады – Асхат Аймағамбетов  
Фото: tengrinews.kz
1,438
оқылды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Білім беру мекемелерін аралағаны туралы Facebook-тағы парақшасында жазды. «Жетекші ауылының мектебінде мұғалімдермен әңгімелесіп, оқу бағдарламалары мен жазғы мектептің қорытындысын талқыладық. Сондай-ақ жалақы тақырыбы да назардан тыс қалмады. Мысалы, 12 жылдық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі жалақысы 400 мың теңгеге жуық екенін және бұл ауыл мектебі үшін жақсы табыс екенін айтты», – деп жазды министр. Сондай-ақ ол мектепте сабақ өткізуге жақсы жағдай жасалғанымен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде орындалмағанына тоқталды. Сатып алынған әдебиеттер министрліктің ұсынысына сай келмейтінін, балаларға қызықты басылымдар аз екенін де ескертті.