Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті
Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті
1,168
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда нәтижесі доллар бағамы 3,56 теңгеге қымбаттағанын көрсетті. Қазір бір АҚШ долларының орташа құны 447,31 теңге. Ал Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы бойынша 1 доллар – 443,26 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағасы – 448 теңге, сатып алу – 452,10 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 445,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 447 теңге.