Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: нигериялық күдікті Қазақстанға экстрадицияланады
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: нигериялық күдікті Қазақстанға экстрадицияланады
Фото: mail.kz
891
оқылды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. «Биыл 20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан  ІІМ-дегі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазір  оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды»,  – делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартқанын жазған болатынбыз.