Мәжіліс жанынан қоғамдық кеңес құрылмақ
Мәжіліс жанынан қоғамдық кеңес құрылмақ
308
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне геодезия, кар­тография және кеңістіктік де­ректер мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» және оған ілеспе заң жо­баларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының негіз­гі мақсаты – елімізді жоғары дәл­дікті геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және соның негізінде елдің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін құру. Құжат анық, жедел әрі өзекті ақпаратты тиімді пайдалану үшін бір тұғырнамада, бірыңғай фор­матта және бірдей талаптармен кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құруды көз­дейді. Жиында депутаттар «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жер­гі­лікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­сына Сенат депутаттары енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісті. Сонымен қатар Палата ко­митеті «Еуразиялық эконо­ми­калық одақтың техникалық рег­ламенттері талаптарының сақта­луына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық эконо­микалық одаққа мүше мемлекет­тердің көрсетілген саладағы заң­намасын үйлестіру мақсатымен жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Отырыс барысында депутаттар VII сайланған Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық палата құру туралы бастаманы қолдады. «Мемлекет басшысы қызу қо­ғамдық пікірталас әлеуметтік же­лі­лер мен алаңдарда емес, Пар­ла­мент қабырғасында өту керек­тігін айтты. Қоғамдық Палата құ­ру – уақыт талабы. Өкінішке қа­рай, бү­гінгі таңда заң шығару­шылар ха­лықтан алшақтап кет­кен, яғни халық бір жақта, заң бір жақта де­ген пікір бар. Сондықтан Қоғам­дық Палатаның басты мақ­саты – неғұрлым өзекті, резо­нанс­ты заң жобаларын «бірінші оқылымға дейін» қоғамның та­лап-тілегі тұр­ғысынан қарас­ты­ру», – деді Пала­та Төрағасы. Со­нымен қатар Мә­жі­ліс Спикері Қо­ғамдық пала­та­ның отырыс­тарына біз өңірлер­дегі Қоғамдық кеңестерді де бей­не­бай­ланыс ар­қылы қосуды жос­пар­лап отыр­ғанына назар аударды. «Қо­­ғам­дық палата құру туралы ше­­­шім – бұл, Президент айтқан «Ха­­лық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжы­рымдамасын орын­дау­ға бағыт­талған тағы бір нақты қадам деуге болады», – деді Е.Қошанов. Cоңында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік орган басшыларына депутаттық сауалдар жолдады.