Томирис Байсафаны өлтірген Маджидов 13 жылға сотталды
Томирис Байсафаны өлтірген Маджидов 13 жылға сотталды
Фото: azattyq-ruhy.kz
Мәскеудің Измайлов аудандық сотының алқабилері Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты  қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапқан болатын. Меджидовтың анасы хабарлағандай, Мәскеудің Измайлов сотының судьясы Алена Лысенко үкімді жариялады. Оған сәйкес М.Меджидов қазақстандық студентті қасақана өлтірді деп айыпталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді. МГИМО-ның студенті қазақстандық Томирис Байсафа 2018 жылдың көктемінде Мәскеуде университет терезесінен құлап қайтыс болды. Өткен жазда Дағыстанның бұрынғы Премьер-министрінің ұлы, қазақстандықтың өліміне қатысты басты күдікті Муртузали Маджидов ақталды. Одан кейін осы жылдың ақпан айында ақтау үкімінің күші жойылып, Мәскеуде бұл іс бойынша жаңа сот процесі басталған болатын.