Өңделмеген қалдық қауіп төндіріп тұр
Өңделмеген қалдық қауіп төндіріп тұр
498
оқылды
М.Өтемісов атындағы уни­верситеттің мәжіліс за­лында «AMANAT» партия­сы­ның Батыс Қазақстан облыс­тық филиалы жанындағы Эко­логия мәселелері бойын­ша қоғамдық кеңестің оты­рысы өтті. Күн тәртібінде қалдықтарды бөлек жинақтау және оны утилизациялау мәселесі және партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда сұрыптау желілері бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу мәселелері көтерілді. Жиынға кеңес мүшелерінен бөлек жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисенғали Хайруллиннің мәлімдеуінше, облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін 147 полигонның 2-еуі ғана (Орал және Ақсай қалаларында орналасқан) экологиялық санитарлық нормаға сай келеді. Орал қалалық қатты тұрмыс­тық қалдықтар полигоны 100 мың тоннадай қалдық өңдесе де, қазір полигонның 95 пайызы қатты тұр­­мыстық қалдықтарға толы. Со­ның салдарынан облыста тұрмыс­тық қалдықтардың 85,8 пайы­­­зы өңделмей, тұрғындарға зиян келтіріп жатыр. Жаңа полигон құрылысы –  бүгінгі өзекті мә­селелердің бірі. Отырыс соңында осы мәселелер бойынша жауапты мекемелерге сауал жолданып, мониторинг жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.

Бота МАРАТҚЫЗЫ